Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 30 қазандағы
№ ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына
1-қосымша
Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары
№ п/п |
Мақсатты топ |
Скринингтік зерттеулердің түрі |
1 |
Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен, қант диабетімен, глаукомамен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 30-дан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы және мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға |
2 |
Жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдер |
Жатыр мойны обырын ерте анықтауға |
3 |
Скринингтік зерттеулерден өтетін, сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер |
Сүт безі обырын ерте анықтауға |
4 |
Скринингтік зерттеулерден өтетін, тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмайтын 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
Колоректальды обырды ерте анықтауға |
5 |
Тәуекел топтары: |
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға (2 кезеңдік) |
6 |
Тәуекел топтары: |
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға (1 сатылы) |
Ауыл халқы қатарындағы адамдардың қосымша нысаналы топтары, скринингтік зерттеулерге жататындар
№ п/п |
Мақсатты топ |
Скринингтік зерттеулердің түрі |
7 |
Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 18-29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер |
Мінез-құлықтық қауіп факторларын, артериялық гипертонияны ерте анықтауға, |
8 |
Скринингтік зерттеулерден өтетін, қант диабетімен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын 18-ден 29 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
Қант диабетін ерте анықтауға |
9 |
Глаукомамен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 18-29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер |
Глаукоманы ерте анықтауға |
10 |
Асқазан-ішек жолдарының ауруларымен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 18-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
Асқазан-ішек жолдарының ауруларын ерте анықтауға |
11 |
18 жастан 70 жасқа дейінгі, скринингтік зерттеулерден өтетін, бүйректің созылмалы ауруымен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын ерлер мен әйелдер |
Бүйректің созылмалы ауруларын ерте анықтауға |
12 |
Тыныс алу органдарының қатерлі ауруларымен және өкпе туберкулезімен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер |
Тыныс алу ағзаларының ауруларын ерте анықтауға |
13 |
55 жастан 70 жасқа дейінгі, скринингтік зерттеулерден өтетін, қуықасты безінің қатерлі ауруымен динамикалық БАҚЫЛАУДА тұрмайтын ерлер |
Қуықасты безі обырын ерте анықтауға |