Пациенттердің құқығы бар:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) алу;
2) ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;
3) диагностика, емдеу және күтім процесінде лайықты қарау, қызметкерлер тарапынан өзінің мәдени және жеке құндылықтарына құрметпен қарау;
4) қандай да бір кемсітушілік факторлардың ықпалынсыз тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын медициналық көмек алу;
5) медициналық қызмет көрсететіндердің аты-жөні және кәсіби мәртебесі туралы, сондай-ақ ішкі тәртіп ережелері туралы мәліметтер беру;
6) инвазивті медициналық қызметтерді жүргізу, пациенттің жазбаша нысанда ақпараттандырылған ерікті келісімін толтыру кезінде жүзеге асырылады. Жазбаша ақпараттандырылған келісімге дәрігердің түсіндірмесіненпациент кейін қол қояды, пациентке қолжетімді нысанда, жоспарланған инвазивті процедура, соның ішінде ықтимал қауіптер, таңдалған процедураның артықшылықтары, балама емдеу және диагностикалық әдістер туралы деректер, сондай-ақ емдік немесе диагностикалық процедуралардан бас тартудың ықтимал салдары туралы ақпарат алу;
7) өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпарат, диагноз, емдеу іс-шараларының болжамы мен жоспары туралы ақпаратты пациентке қолжетімді нысанда алу, сондай-ақ оны үйіне шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептерін түсіндіру;
8) тағайындалатын дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға;
9) емдеуге қатысты шешімдер қабылдауға қатысуға;
10) зерттеу нәтижелерімен танысу. Медициналық қорытындыны және медициналық сынақтардың көшірмесін алу (пациенттің өтініші бойынша);
11) дәрігерді таңдау немесе ауыстыру;
12) жазып бергеннен кейін емдеу жоспары мен өз денсаулығына қалай қамқорлық жасау керектігін түсіндіретін ұсынымдарды қамтитын қысқаша жазбаша ақпарат алу;
13) заңды өкілдер тарапынан сүйемелдеу (бұл рұқсат етілген бөлімшелерде);
14) медициналық технологияның қазіргі деңгейі мүмкіндік беретін дәрежеде ауырсынуды жеңілдету;
15) өз денсаулығының жай-күйі туралы тәуелсіз пікір алу және консилиум өткізу;
16) егер медициналық күтімнің (емдеудің)егжей-тегжейін түсінуде тілдік кедергі болса, аудармашыны ұсыну (мүмкіндігінше);
17) пациенттерді қолдау қызметі немесе шағымдар мен ұсыныстар кітабы арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар ұсыну, ұсыныстар мен түсініктемелер беру;
18) егер пациент кәмелетке толмаған болса немесе пациент денсаулық жағдайы бойынша өз құқықтарын пайдалана алмаса, онда бұл құқықтар оның заңды өкіліне берілетін болады;
19)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар.
Пациенттің және оның заңды өкілінің міндеттеріне мыналар кіреді:
1) медициналық ұйымның нормалары мен ережелерін құрметтеуге;
2) өз денсаулығын сақтау және нығайту шараларын қабылдауға;
3) медицина қызметкерлерімен және пациенттермен қарым-қатынаста құрмет пен әдептілік танытуға;
4) медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға ауруды диагностикалау және емдеу үшін қажетті барлық ақпаратты (шағымдар, өткен аурулар, алдыңғы госпитализациялар мен емдеу, сондай-ақ аллергия және т. б.) дәрігерге хабарлауға міндетті;
5) диагностика және емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар туындаған не оларға күдік туындаған жағдайларда медицина қызметкерлерін өз денсаулығының жай-күйінің өзгергені туралы уақтылы хабардар етуге міндетті;
6) пациент осы шешімдердің салдары туралы ақпарат алғаннан кейін емдеу жоспарынан бас тартқаны немесе сақтамағаны үшін жауап береді;
7) ішкі тәртіп ережелерін сақтауға және мүлікке ұқыпты қарауға, медициналық көмек алған кезде медициналық персоналмен ынтымақтасуға;
8) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға, пациенттердің жеке, құпия ақпаратын құрметтеуге;
9) темекі шегуге қарсы саясатты немесе қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі кез келген басқа ережені қоса алғанда, қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауға міндетті;
10) Төтенше жағдайларда төтенше жағдайлардың басымдылығын сақтауға міндетті;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Медициналық көмектен бас тарту құқығы:
1) пациентке немесе оның заңды өкіліне медициналық көмектен бас тартқан кезде оған қолжетімді нысанда ықтимал салдарлар түсіндірілуге тиіс.
2) ықтимал салдарларды көрсете отырып, медициналық көмектен бас тарту медициналық құжаттардағы жазбамен ресімделеді және оған пациент не оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды;
3) пациент қол қоюдан бас тартқан не оның заңды
4) медициналық көмектен бас тарту өкілі бұл туралы медициналық құжаттамада тиісті жазбаны жүзеге асырады және оған медицина қызметкері қол қояды.
5) кәмелетке толмаған не әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілдері аталған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмектен бас тартқан кезде медициналық ұйым олардың мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық және қамқоршылық органына және (немесе) сотқа жүгінуге құқылы.