Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 12 қазандағы
№ ҚР ДСМ -103 бұйрығы.
"Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру жөніндегі қызметті электрондық түрде алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда куәландырылған бір реттік пароль арқылы "электрондық үкімет" веб-порталының www.egov.kz (бұдан әрі-портал) жеке кабинетіне кіреді және электрондық форматта өтінім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтінішті берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама көрінеді.
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз түрінде алу үшін денсаулық сақтау субъектісіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсына отырып жүгінеді.
5. Көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты тұлға көрсетілетін қызметті алушының осы көрсетілетін қызметті берушіге бекітілуін тексеруді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіруді жүргізеді және мемлекеттік қызметті көрсету туралы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.