Трансплантаттау мақсатында
ағзалардың (ағза бөлігінің) және
(немесе) тіндердің (тін бөлігінің)
қайтыс болғаннан кейінгі
донорлығына адамның тірі
кезінде ерік білдіруін беру және
бұл жөнінде жұбайын (зайыбын)
немесе жақын туыстарының бірін
хабардар ету Қағидаларға 3 –қосымша
"Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі
1 |
Медициналық - санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымы. |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) Мемлекеттік қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар; |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету мерзімі - 1 (бір) жұмыс күні ішінде; |
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде. |
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметке 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тартуды тіркеу туралы анықтама; |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында үзіліссіз сағат 8.00 - ден 20.00 - ге дейін, сенбі күні сағат 9.00 - ден 14.00 - ге дейін. |
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Қызмет көрсетушіге: |
9 |
Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтің) дәйексіздігінің анықталуы; |
10 |
Оның ішінде, электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері есепке алынған басқа талаптар |
Көрсетілетін қызметті берушінің жайларында мүмкіндіктері шектеулі қызмет алушылар үшін Қызмет көрсету жағдайлары (пандустар мен лифттер) қарастырылған. |