"Наркологиялық ұйымнан
анықтама беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
қосымша
"Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. |
Қызмет берушінің атауы |
Денсаулық сақтау ұйымдары |
2. |
Көрсетілетін қызметті алушының атауы |
Жеке тұлғалар |
3. |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы |
4. |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті алушы порталға сұрау берген сәттен бастап – 30 (отыз) минут |
5. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық |
6. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы диспансерлік бақылауда тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама. |
7. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
8. |
Жұмыс кестесі |
Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы. |
9. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі |
Электрондық сұрау салу |
10. |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Сұрау салу жасалған адамның келісімінің болмауы |
11. |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |