Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Павлодар қ.,
Малайсары батыр к., 66
Сенім телефоны:
+7 (708) 466 86 70

Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру


 

"Фтизиатрия"
Фтизиопульмонология
орталығынан мәліметтер ұсыну"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 1-қосымша 

"Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Қызмет берушінің атауы

Денсаулық сақтау ұйымдары

2.

Көрсетілетін қызметті алушының атауы

Жеке тұлғалар

3.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға сұрау берген сәттен бастап – 30 (отыз) минут

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы қойылатын негізгі талаптардың тізбес қосымшаға сәйкес туберкулезбен ауыратын науқастардың динамикалық байқауда тұрғаны туралы (немесе динамикалық бақылаудың болмауы) қарау режиміндегі мәлімет

7.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Электрондық сұрау салу

10.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Сұрау салу жасалған адамның келісімінің болмауы

11.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары: Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Қолданылу мерзімі –күнтізбелік 10 күн.