Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрыққа қосымша
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары
68. МСАК ұйымы пациентке өз бетінше жүгінген кезде телефон байланысы немесе ЭҮП арқылы "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін ұсынады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
"Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Пациент МСАК ұйымына өз бетінше немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде МСАК мамандары "Шақыруларды тіркеу журналына" жазба жасайды және ауызша түрде дәрігердің келу күні мен уақыты көрсетілген жауапты береді. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін үйде медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.
Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке "Жеке кабинетке" электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама түседі. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.
МСАК Заңның 5-бабының 2-тармағының(11) тармақшасына сәйкес белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.